Кепілдік шарттары
- Кепілдік мерзімі — сатылған күннен бастап 12 (он екі) ай, бұл ретте Құрылғыдағы ақаулар Клиенттің пайдалану, тасымалдау, сақтау ережелерін бұзуы, үшінші тұлғалардың әрекеттері, дүлей күш (өрт, табиғи апат және т.б.), тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштердің енуі, тамақ пен май қалдықтары, сондай-ақ басқа да бөгде факторлардың әсерінен туындамаған жағдайда қолданылады. Құрылғының кемшіліктеріне байланысты залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Кепілдік өндіріс немесе материал ақауларынан туындаған Құрылғының кез келген кемшіліктеріне (ақауларына) қолданылады. Ақаулы бөлшектерді ауыстыру және соған байланысты жұмыстар тек авторланған сервис орталықтарында (АСО) тегін орындалады. АСО тізімі біздің сайттың «Сервис орталықтары» бөлімінде келтірілген.
- Кепілдік мерзімі кассалық чек немесе сатылған күнді не Құрылғыны пайдалануға енгізу күнін растайтын кез келген басқа құжат бойынша есептеледі. Мұндай құжаттар болмаған жағдайда кепілдік мерзімі шильдте көрсетілген Құрылғының дайындалған күнінен есептеледі.
- Кепілдік пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген техникалық талаптарды елеулі бұзу, бұйымды электр-, су- және газ желілеріне дұрыс қоспау, сондай-ақ осы желілердің параметрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туындаған ақаулары бар Құрылғыларға қолданылмайды.
- Құрылғы тікелей мақсаты бойынша (тұрмыстық, отбасылық пайдалану үшін) емес, сондай-ақ коммерциялық немесе кәсіпкерлік қызметте қолданылған жағдайда тегін кепілдікті жөндеу жүргізілмейді.
- Құрылғының жарықтандыру шамдары шығын материалдарына жатады және кепілдік міндеттемелеріне кірмейді — бұл жағдайда тегін ауыстыру және кепілдікті жөндеу жүргізілмейді. Пештердің, пісіру беттерінің және басқа шыны элементтердің әйнек есіктерінің зақымдануы механикалық зақым ретінде қаралады және сондай-ақ кепілдік міндеттемелеріне кірмейді.
- Клиент АСО маманына Құрылғыны диагностикалау және жөндеу үшін өз есебінен еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
- Арнайы шарттарды талап ететін құрылғыларды қосуды (орнатуды) тек Қазақстан Республикасында тиісті лицензиялары мен рұқсаттары бар ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге сеніп тапсыру ұсынылады.
- Дайындаушы осы кепілдік құжатында және Құрылғыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген талаптарды сақтамауы салдарынан Клиентке келтірілген кез келген зиян үшін жауапты болмайды.
- Hansa тұрмыстық техникасының қызмет мерзімі — 7 жыл, газ құрылғыларының қызмет мерзімі — 10 жыл.
- Дайындалған күні құрылғының шильдінде мына форматта көрсетілген: ай/жыл.